Ақтөбе облысында бірінші сынып оқушысы мектепте бензин ішіп, уланып қалды
Ақтөбе облысында бірінші сынып оқушысы үлкен үзіліс кезінде бензиннен уланып қалды – білім басқармасы бұл фактіні растады, деп жазады "Диапазон".
Басылым хабарлауынша, бала мектептің жертөлесіне түсіп, онда тұрған ішінде белгісіз сұйықтығы бар ыдысты тауып алып, оны ішіп қойған. Мұғалім баладан бензин иісі шығып тұрғанына назар аударып, сұраған кезде бала бәрін айтып берген.
Мәлімет бойынша, бала сабақ біткенше мектепте отырған, ал үйіне келгеннен кейін жағдайы нашарлап, құса бастаған. Анасы ұлын ауруханаға апарған, онда баланың асқазанын жуып, содан кейін облыстық балалар клиникалық ауруханасына жолдады.
Қазіргі уақытта бала емдеу курсынан өтіп, ауруханадан шықты. Білім басқармасы 7 жасар баланың бензин иісі бар сұйықтықты абайсызда жұтып қойып, шынымен де ауруханаға түскенін растады.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0