Ақтөбеде 23 жастағы мұғалім өзіне қол жұмсады
Ақтөбе облысында 23 жастағы жас педагогтың қаза болу фактісі бойынша тергеу басталды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, мұғалім өзіне қол жұмсаған. Оны мұндай қадамға не итермелегені әзірге айтылған жоқ.
Марқұм Темір ауданы Алтықарасу ауылдық округіне қарасты Еңбекші мектебінде тарих пәнінен сабақ берген. Әріптестері оның жұмысына оң баға беріп, бірнеше күн бұрын ғана ашық сабақ өткізгенін айтады.
Аталған дерек бойынша Темір аудандық полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеуді бастады. Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтайтын болады.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0