Ақтөбеде мешітте қызға «бір реттік некe» ұсынған жігіт қамалды

Шілде 30, 2025 - 08:57
Ақтөбеде мешітте қызға «бір реттік некe» ұсынған жігіт қамалды
Коллаж Orda.kz

Ақтөбе қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Талғат Ахметовке қатысты іс қаралды, деп жазады Sadaq.kz.

Іс Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 449-бабының 2-бөлігі бойынша қозғалды.

Сотта Т.Ахметовтің бұған дейін де әкімшілік жауапқа тартылғаны, соған қарамастан 24 шілде күні сағат 17:30-да "Нұр ғасыр" мешітінің кіре берісінде, яғни қоғамдық орында өзі танымайтын қызға сексуалдық сипаттағы ұсыныс жасап, мазалағаны туралы айтылды. Т.Ахметов сот отырысында кінәсін ішінара ғана мойындады.

– Талғат Ахметов ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 449-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылсын, оған 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы қолданылсын. Әкімшілік қамаққа алу мерзімі 2025 жылғы 29 шілдеден бастап есептелінсін, – деді судья А.Бисеналина.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow