Ақтөбеде полиция қызметкерінің мәйіті табылды

Наурыз 27, 2025 - 10:18
chat_bubble  0 visibility  42
Ақтөбеде полиция қызметкерінің мәйіті табылды

Ақтөбеде 26 наурыз күні полиция қызметкерінің денесі өз үйінен табылды. Қызметкердің қандай жағдайда қаза болғаны әлі белгісіз, деп хабарлайды Orda.kz. 

Полиция қызметкерінің өлімі туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарап кетті. Қайғылы оқиға өзі тұрған үйде болған. Қызметкер қаладағы Алтын орда ауданында достарымен бірге тұрғаны белгілі болды. 

Ақтөбе облыстық полиция департаменті қызметкердің қазасын растады. 

«Полиция қызметкерінің мәйіті тұрғылықты мекенжайдан табылды. Зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Операциядан кейін емделіп жүрген», деп мәлімдеді облыстық ПД.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0