Ақтөбеде ресейлік ұшақ шұғыл қонды – жолаушы көз жұмды

Мамыр 27, 2025 - 14:26
Ақтөбеде ресейлік ұшақ шұғыл қонды – жолаушы көз жұмды
Фото: instagram.com/aktobe_airport/

Ақтөбеде ресейлік ұшақ шұғыл қонды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

"27.05.25 сағат 12:40-та Екатеринбург - Сочи бағыты бойынша NWS504 рейсін орындаған Nordwind Airlines компаниясының Boeing-777 ұшағы Ақтөбе халықаралық әуежайына шұғыл қонды", - деп жазылған Ақтөбе халықаралық әуежайының хабарламасында.

Жоспардан тыс қонуға борттағы жолаушылардың бірінің денсаулығының күрт нашарлауы себеп болған. Қонғаннан кейін әуе кемесіне жедел әрекет ету қызметі мен медициналық бригада шұғыл жөнелтілді.

"Өкінішке қарай, барлық шара қолданылғанына қарамастан жолаушыны құтқару мүмкін болмады. Жолаушы 1983 жылы туған әйел ұшақ Ақтөбеге қонбай жатып қайтыс болды", - делінген хабарламада.

Ұшақ бортында 564 жолаушы болған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow