Әл-Фараби даңғылындағы жантүршігерлік жол апаты: Zeekr жүргізушісі қамауға алынды
Алматы қаласында Әл-Фараби даңғылындағы жол апатына күдікті деп танылған ZEEKR жүргізушісі қамауға алынды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Оқиғаға қатысты қалалық Полиция департаменті оқиғаға қатысты ресми мәлімдеме жасады.
«Адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасына кінәлі деп танылған ZEEKR автокөлігінің жүргізушісі тергеу изоляторына этапталды. Осыған дейін күдікті медициналық мекемеде айдауыл күзетімен болған және соттың санкциясымен қамауға алынған. Қазіргі уақытта ол қылмыстық іс аясында қамауда ұстауды жалғастыру үшін тергеу изоляторына жеткізілді», – делінген қалалық ПД хабарламасында.
Айта кетейік, 21 наурыз күні үш адамның өмірін жалмаған көлік апаты тіркелді. Алдын ала мәліметке сәйкес, Zeekr 9X маркалы көлік қарсы жолаққа шығып кетіп, Mercedes автокөлігімен бетпе-бет соқтығысқан.
Соқтығыс салдарынан 29 жастағы жүргізуші мен 20 және 22 жастағы екі жолаушы қыз оқиға орнында көз жұмды.
Әлеуметтік желілерде тараған мәліметке сәйкес, Zeekr көлігін 32 жастағы алматылық кәсіпкер Александр Пак басқарған. Куәгерлердің айтуынша, қайғылы оқиға болған түні аталған көлік басқа автокөлікпен жарысқа түскен болуы мүмкін.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0