Әлиев елімізге мемлекеттік сапармен келуі мүмкін

Тамыз 15, 2025 - 09:48
chat_bubble  0 visibility  37
Әлиев елімізге мемлекеттік сапармен келуі мүмкін
Фото: Ақорда

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев қазан айында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуі мүмкін. Бұл туралы Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Оның айтуынша мемлекет басшылары бұл мәселені жуырда телефон арқылы сөйлескен кезде талқылаған.

"Қазіргі кезде сапардың нақты мерзімі мен мазмұны келісіліп жатыр", - деп атап өтті Желдібай.

Былтыр президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанға мемлекеттік сапармен барған еді. Президенттер өзара байланыстарымызды стратегиялық серіктестік деңгейіне көтеріп, екі елдің одақтастық қатынастарын нығайтқан маңызды құжаттарға қол қойды.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0