«Аллаға мың шүкірлер»: Мақпал Жүнісова қуанышты жаңалығымен бөлісті

Ақпан 24, 2026 - 16:25
chat_bubble  0 visibility  30
«Аллаға мың шүкірлер»: Мақпал Жүнісова қуанышты жаңалығымен бөлісті

Мақпал Жүнісова жанкүйерлерімен қуанышты хабарын бөлісті. Қазақстанның Халық әртісі әлеуметтік желідегі парақшасында 8 наурыз күні өтетін жеке концертіне билеттердің толықтай сатылып кеткенін айтты, деп хабарлайды Sadaq.kz. 

Әншінің айтуынша, Алматыдағы Республика сарайы сахнасында өтетін екі бірдей концертке де көрермендер тарапынан жоғары сұраныс болған.

"Аллаға мың шүкірлер, 8 наурыздағы екі концертке де билеттер өтіп кетіпті. Жанкүйерлеріме көп рақмет. Амандықта кездесейік, құрметті ағайын!" – деп жазды өнер иесі.

Бұл жаңалықты естіген тыңдармандар әлеуметтік желіде құттықтау тілектерін жаудырып, концертті асыға күтетіндерін білдіруде.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0