Алматы маңында үндістандық студенттер қаза тапты

Қаңтар 8, 2026 - 10:05
Қаңтар 8, 2026 - 09:56
 0  2
Алматы маңында үндістандық студенттер қаза тапты
фото: видеодан скриншот

Алматы-Бішкек тасжолында шетел азаматтары бар көлік жол апатына түсті, деп хабарлайды sadaq.kz.

Алматы облысы полициясының дерегінше, алдын ала мәліметтерге сәйкес, Toyota Alphard көлігін басқарған 33 жастағы жүргізуші рөлге ие бола алмай, көлік аударылып кеткен.

Автокөлікте Үндістаннан келген төрт студент пен бір турист болған. Астана қаласындағы Үндістан елшілігінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы салдарынан екі студент пен жүргізуші оқиға орнында қаза тапқан. 

Тағы үш Үндістан азаматы ауыр жарақат алып, жансақтау бөлімінде жатыр.

«6 қаңтар күні Алматы маңында болған жол-көлік апатынан Үндістанның 5 азаматы зардап шекті. Олардың ішінде Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан медицина университетінің 4 студенті және Үндістаннан келген бір турист болған. Олар Шымкенттен Алматыға қарай келе жатқан. Өкінішке қарай екі адам оқиға орнында қаза тапты, ал үшеуі жарақат алып, жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр», - делінген елшіліктің хабарламасында. 

Елшілік марқұмдардың отбасына көңіл айтып, ем қабылдап жатқан азаматтардың тез сауығып кетуін тіледі. Айта кетейік, бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда тергеу органдары апаттың нақты себептері мен мән-жайларын анықтап жатыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0