Алматы маңында жер сілкінді

Наурыз 31, 2026 - 12:09
 0  20
Алматы маңында жер сілкінді
Фото: canva

Төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмикалық станциялар желісі 31 наурыз күні сағат 11:11-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Жерасты дүмпуінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 273 шақырым жерде орналасқан.

Сілкіністің координаттары: 44.609º солтүстік ендік, 79.709º шығыс бойлық. Ошақтың тереңдігі — 10 шақырым. Энергетикалық класы — 10.7, ал магнитудасы MPV бойынша 5.4-ке тең.

Алдын ала есеп бойынша сезілу деңгейі (баллмен):
– Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласында — 2 балл
– Жетісу облысы, Текелі қаласында — 2 балл
– Жетісу облысы, Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылында — 2 балл

Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат тіркелмеген. Сондай-ақ 112 қызметіне тұрғындардан қоңырау түспеген.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0