«Сүйегі сынып, миы шайқалған»: Алматы облысы әкімінің орынбасары жол апатына ұшырады

Шілде 9, 2025 - 15:44
Шілде 10, 2025 - 10:30
«Сүйегі сынып, миы шайқалған»: Алматы облысы әкімінің орынбасары жол апатына ұшырады

Алматы әкімінің орынбасары Әсет Масабаев жол-көлік оқиғасына ұшырады деген хабар тарады.

Оқиға облыстағы тас жолдардың бірінде болған. Салдарынан Масабаев көптеген дене жарақаттарын алып, шұғыл түрде Алматы облыстық көпсалалы клиникалық ауруханасына жеткізілді.

Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы Әсет Масабаевтың жол апатында зардап шеккенін растады.

Ведомствоның мәліметінше, қазір науқастың жағдайы тұрақты, есін біледі, ем қабылдап жатыр. 

Масабаевтың миы шайқалған. Сондай-ақ кеуде қуысы ағзаларының жабық жарақаты, қабырға сүйектерінің көгеруі мен сынуы анықталған.

"Медициналық көмек белгіленген хаттамаға сәйкес көрсетіліп жатыр, - делінген хабарламада.

Облыстық полиция департаменті Төңкеріс-Байсерке автожолында болған жол апатына байланысты қылмыстық іс тіркеліп, тергеу жүргізіліп жатқанын айтты.

"Өңірлік полиция жол қозғалысына қатысушыларды жол жүру ережелерін қатаң сақтауға, әсіресе қаладан тыс жолдарда және тәуліктің қараңғы уақытында аса мұқият болуға шақырады", - делінген полицияның хабарламасында. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow