Алматы облысында атыс болып, бір адам қаза тапты
Бүгін түнде Талғарда бір топ адам жанжал шығарды. Қақтығыс салдарынан екі адам жарақат алып, олардың біреуі ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Куәгерлердің айтуынша, түнгі сағат екіден кейін оқ атылған дыбыстар естілген. Оқиға орнына жедел жәрдем мен полицияны солар шақырған.
«4 қазанға қараған түні Талғар қаласында бір топ жас жігіт арасында ауызша жанжал шығып, ол төбелеске ұласқан. Қақтығыс салдарынан екі жігіт аудандық ауруханаға жеткізіліп, олардың біреуі алған жарақаттарынан жансақтау бөлімінде көз жұмды», – деп түсіндірді Алматы облысының полиция департаменті.
Қақтығысқа қатысушылар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Оқиғаның барлық мән-жайын толық, жан-жақты және объективті зерттеу үшін қажетті тергеу шаралары жүргізілуде. Қылмыстық істі тергеу облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында», – деді полиция өкілдері.
Сіздің реакцияңыз қандай?