Алматы облысында мешітте оқушыларды ұрып-соққан
Алматы облысының Қарасай ауданында медресе мұғалімі оқушыларды ұрып-соққан, деп хабарлайды sadaq.kz.
Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Кадрларда мешітте оқытушының балаларды ұрып-соққаны көрінеді. Ол балаларды шашынан сүйреп, жерге жатқызып, ұрған. Оқиға мешітте жазғы діни сауат ашу сабақтары өтіп жатқан кезде болған.
ҚМДБ мәліметінше, оқушылар арасында жанжал туындаған. Мешіт оқытушысы Дүйсехан Нұрберді балаларды тәртіпке шақыру кезінде эмоцияға беріліп, педагогикалық әдепке сай келмейтін әрекет жасаған.
"Оқытушы өз қателігін мойындап, оқушылардың ата-аналарынан кешірім сұрады. Ата-аналар мұғалімге қатысты шағымдары жоқ екенін жазбаша түрде растады", — дейді ҚМДБ.
Оқиғадан кейін мешіт оқытушысы қызметінен босатылды.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0