Алматы облысында үш жасар қызды әуеден де, су астынан да іздеп таба алмай жатыр

Барлық мүмкін жерлер тексерілуде.

Наурыз 19, 2024 - 17:10
 0  188
Алматы облысында үш жасар қызды әуеден де, су астынан да іздеп таба алмай жатыр
фото: видеодан скриншот

Алматы облысында үш жасар баланы іздеуге Қазавиақұтқару тікұшағы тартылды.

Кеше Алматы облысының Куш ауылында 3 жасар қыз баланың жоғалғанын хабарлаған едік.

17 наурыз сағат 21:44-те Алматы облысы құтұқару қызметіне Еңбекшіқазақ ауданының Безымяное көлі Куш ауылының маңында 2021 жылы туған қыздың жоғалып кеткені туралы хабар түскен. Ол сол күні 16:30-да ересектердің қарауынсыз қалып, үйден шығып кеткен.

Іздеу орнында жедел штаб құрылды. Іздеу жұмысына 300-ге жуық адам және 80-ге жуық техника, тепловизоры бар 4 пилотсыз ұшу аппараты, сондай-ақ «Қазавиақұтқару» тікұшағы жұмылдырылды. Бірінші күннен бастап құтқарушылар тізіліп қарау әдісімен жер бетінен іздеді.

РЖҚЖ құтқарушылары 30 метр қашықтықта орналасқан су айдынына сүңгіп іздестіруде, сондай-ақ тартылған күш-құралдар оқиға орнында және су айдынының жағалау сызығы бойынша иісшіл иттерді пайдалана отырып іздеп жатыр. 

Барлық мүмкін жерлер тексерілуде.

Үздіксіз байланысты қамтамасыз ету үшін оқиға орнында ТЖД командалық-штабтық машинасы орналасқан. Іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 1
😮 Жарайсың 0