Алматыда үшем дүниеге келді

Желтоқсан 2, 2024 - 15:00
Алматыда үшем дүниеге келді

Жыл басынан бері Алматыда барлығы 39 750 бала дүниеге келсе, оның 445-і егіз, 8-і үшем, деп хабарлады Sadaq.kz Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматыдағы №2 қалалық перинаталдық орталығында 38 жастағы келіншек үш қызды дүниеге әкелді. Операция сәтті өтті және жаңа туған нәрестелердің салмағы: 1970 грамм, 1990 грамм және 1960 грамм. 2013, 2018 және 2019 жылдары дүниеге келген үлкен үш баласы бар ананың бұл төртінші босануы.

«Сәбилер дүниеге келгеннен кейін олар реанимация бөлімінде бірнеше күн жатып, қажетті ем алды. Қазір олар аналарымен бірге палатаға ауыстырылды, өздерін жақсы сезінеді. 2024 жылдың басынан бері №2 қалалық перинаталдық орталықта 3 үшем және 73 егіз дүниеге келді. 2024 жылдың 10 айында Алматыда барлығы 39 750 бала дүниеге келсе, оның 445-і егіз, 8-і үшем», - деді неонатология бөлімінің меңгерушісі Сарбас Айнұрым.

Үшемнің анасы айтқандай, алғашқы скрининг кезінде бірден үш сәби күтіп тұрғанын білген.

«УДЗ дәрігері менде үш эмбрион бар дегенде таң қалдым. Біздің әулетімізде әжемнің тарапында егіздер болған, бірақ ешкімде үшем болған емес», - деді бақытты ана. 

Үшемнің анасы орталықта басынан өткен оқиғаны айтып берді.

«Мен анализдерім жақсы болмағандықтан, осы перинаталдық орталыққа түсіп, патология бөлімінде болдым. Дәрігерлердің күш-жігерінің арқасында балалардың салмағы қанағаттанарлық болғанда, олар кесарь тілігі жасауды ұйғарды. Сөйтіп, 23 қараша, сенбі күні үшем дүниеге келді. Орталықтың бас дәрігеріне, оның орынбасарына және барша білікті мамандар ұжымына алғысымыз шексіз. Олардың кәсіби шеберлігінің арқасында дені сау қыздарымыз дүниеге келді. Бұл біздің төртінші балаларымыз – төртінші, бесінші, алтыншы балаларымыз. Үшеуі де қыз. Енді отбасымызда бес қыз, бір ұл болды. Біз өте қуаныштымыз!»,- деді ол. Қазір палатада анамен бірге сәбилердің әжесі күтім жасауға көмектесіп жатыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow