Алматыда алты қабатты ғимарат өртеніп кетті

Сәуір 2, 2025 - 09:27
chat_bubble  0 visibility  49
Алматыда алты қабатты ғимарат өртеніп кетті
Фото: ТЖД

Өрт сөндіру есептоптарының жедел келуіне қарамастан, өрт өршіп кеткен.

«Ғимараттың шатыры мен қаптамасы толығымен жалындап жанып жатты. Өрттің таралуына лак-бояу өнімдері бар ыдыстардың жарылысы, сондай-ақ өрт туралы кеш хабарлау ықпал етті. Өртті сөндіру ғимарат ішіндегі үлкен жанғыш жүктемемен, атап айтқанда, лак-бояу өнімдерінің болуымен күрделенеді», – деп жазылған ТЖМ хабарламасында.

Өрт орнында Алматы қ. ТЖД бастығы полковник Нұрлан Атығаевтың басшылығымен жедел өрт сөндіру штабы әлі жұмыс істеді. Үздіксіз су беру ұйымдастырылды. Сондай-ақ өртті сөндіруге ТЖМ автопоезд тартылды. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0