Алматыда әуе кеңістігі жабылды деген ақпарат жалған — Қорғаныс министрлігі

Қаңтар 12, 2026 - 13:56
 0  2
Алматыда әуе кеңістігі жабылды деген ақпарат жалған — Қорғаныс министрлігі
Фото: Gov.kz

Әлеуметтік желілерде «әскерилердің қимыл-әрекеттеріне байланысты Алматының әуе кеңістігі жабылып, әскери жағдай енгізілді» деген ақпарат тарады.

Алайда Қорғаныс министрлігі бұл мәлімет шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлады.

Ведомство Алматының әуе кеңістігіне ешқандай шектеу енгізілмегенін мәлімдеді.

«Әуе кеңістігін пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес уәкілетті органдар арқылы жүзеге асырылады. Әлеуметтік желілерде таралған ақпараттың жалған екенін естеріңізге саламыз», — делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0