Алматыда екі жасар бала 31 магнит жұтып қойған

Ақпан 12, 2026 - 12:17
Ақпан 12, 2026 - 12:18
 0  1
Алматыда екі жасар бала 31 магнит жұтып қойған
Фото: gov.kz.

Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығында 31 магнит жұтып қойған сәбиге шұғыл ота жасалды, деп хабарлайды Sadaq.kz.  

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдерінің хабарлауынша, қабылдау бөліміне 1 жас 9 айлық бала өте ауыр жағдайда жеткізілген. Тексеру нәтижесінде дәрігерлер "ішектегі бөгде заттар – 31 магнит, жіңішке ішектің көп жерден тесілуі, перитонит" диагнозын қойды.

Баланың өмірін сақтап қалудың жалғыз жолы – шұғыл хирургиялық ота жасау еді. Дәрігерлер ортаңғы лапаротомия жасап, құрсақ қуысы ағзаларына толық тексеру жүргізді. Ота барысында магниттер ішектен алынып, жіңішке ішектегі көптеген тесік тігілді, құрсақ қуысы тазартылып, дренаж орнатылды. Сонымен қатар ішекке трансаналдық интубация жасалды.

Орталық хирургі Асқар Ризвановтың айтуынша, магниттердің басты қаупі – олардың ағзаға бөлек-бөлек түскенімен, ішекте бір-біріне тартылып, ішек қабырғасын қысып қалуында екен.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0