Алматыда ер адам көршісінің итін атып өлтірді

Ақпан 26, 2026 - 10:56
 0  2
Алматыда ер адам көршісінің итін атып өлтірді
Фото: әлеуметтік желілерден

Алматыда жеке үйдің ауласында итке оқ атылған қайғылы оқиға орын алды. Жәбірленуші Сұлтан Әбихановтың айтуынша, бейтаныс ер адам оның «Брат» есімді питбуль тұқымды итін атып кеткен. Бұл туралы Sadaq.kz хабарлайды.

Оқиғаның мән-жайы бойынша, ит алдымен көшеде ер адамның әйеліне үрген көрінеді. Осыдан кейін ер адам үйдің ауласына баса-көктеп кірген. Ит келген адамды таныс деп ойлап, ешқандай агрессия танытпаған. Алайда қаскөй жануардың тура басынан көздеп оқ атқан.

Жарақаттанған жануарды дереу ветеринарлық клиникаға жеткізгенімен, оны аман алып қалу мүмкін болмады. Рентген нәтижесі иттің денесінде екі оқ барын көрсетті: бірі басына, екіншісі мойнына тиген. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама жүргізу үшін жануардың денесі мұздатылып, тергеу амалдарының аяқталуы күтілуде.

Ит иесінің сөзінше, қару қолданған тарап өз кінәсін мойындамай, істі жылы жауып қоюға тырысуда. Сұлтан Әбиханов өзінің қарапайым студент екенін және қарсы тараптың ықпалды туыстары мен адвокаттары барын айтып, қоғамнан көмек сұрайды. Қазіргі уақытта екі тарап та сотқа дайындалып жатыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0