Көлігін, сосын өзін өртеп жіберген алматылық көз жұмды
Оқиға 1 қазан күні Алматының Түрксіб ауданындағы автотұрақта болған.
Жол патрульдік полициясы Subaru көлігін тоқтатқан. Көлік иесінің төленбеген 1,3 млн айыппұлы болған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жүргізушінің сақтандыру полисі де болмаған. Ережеге сәйкес автокөлік арнайы айып тұрағына қойылған. Арада біраз уақыт өткенде иесі сол автотұраққа келіп, алдымен көлігіне бензин шашып, жағып жіберген. Содан кейін өзіне бензин құйып, өзін өртеп жіберген.
Полиция қызметкерлері мен куәгерлер өртті дереу сөндіріп, жүргізушіні аман алып қалған. Жүргізуші шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген. Бүгін оның қайтыс болғанын Алматы Денсаулық сақтау басқармасы мен Полиция департаменті растады.
Сіздің реакцияңыз қандай?