Алматыда мас ер адам дәрігерлерді үйіне қамап, пышақпен қорқытқан

Наурыз 30, 2026 - 15:41
chat_bubble  0 visibility  1
Алматыда мас ер адам дәрігерлерді үйіне қамап, пышақпен қорқытқан
Фото: Видеодан скрин

Алматыда ер адам жедел жәрдем қызметкерлеріне шабуыл жасап, пышақпен қуалаған, деп хабарлайды Sadaq.kz. 

Полицияның мәліметінше, оқиға Жетісу ауданында болған. Шақырту бойынша келген жедел медициналық көмек бригадасын науқастың мас күйдегі ұлы қарсы алып, өзін агрессивті ұстаған. Ол дәрігерлерді пәтерде қамап, қорқытып, айналадағыларға қауіп төндіретін заттарды көрсеткен.

Медициналық қызметкерлер оқиға орнынан әрең шығып үлгерген. Алайда ер адам оларды пышақпен қуып, қорқытуын жалғастырған.

Аталған факті бойынша Алматының Жетісу ауданы полиция басқармасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 380-3-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

"Құқық бұзушы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – делінген хабарламада.

Полиция өкілдері қызметтік міндетін атқарып жүрген жедел қызмет мамандарына қатысты кез келген агрессия мен қорқыту әрекеттері заңмен қудаланатынын ескертті.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0