Алматыда пәтерден 33 жастағы ер адамның денесі табылды

Қазан 7, 2026 - 10:23
chat_bubble  0 visibility  0
Алматыда пәтерден 33 жастағы ер адамның денесі табылды
Фото: pixabay

Алматының Әуезов ауданындағы «Жетісу» шағынауданында пәтерден 33 жастағы ер адамның мәйіті табылды, деп  хабарлайды Sadaq.kz.

Полицияның мәліметінше, алдын ала болжам бойынша, ер адам өзіне-өзі қол жұмсаған. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы барып, қажетті тергеу амалдарын жүргізді.

"Қазір мамандар оның өмір салтын, араласқан адамдарын және болған оқиғаға қатысы болуы мүмкін өзге де жағдайларды зерттеп жатыр. Тергеу нәтижесінде оқиғаның толық мән-жайы анықталады", – деді полиция департаменті.


Тәртіп сақшылары марқұмның соңғы айларда қиын кезеңді бастан өткергенін анықтаған. Оқиғаның нақты мән-жайы тергеу барысында анықталады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0