Алматыда самсаның арасынан тірі тышқан шықты

Тамыз 22, 2025 - 12:55
Алматыда самсаның арасынан тірі тышқан шықты
Фото: видеодан кадр

Алматыда түсірілген бейнежазба әлеуметтік желілерде үлкен дау тудырды. Кадрларда көшеде сатылып тұрған самсаның арасында тірі тышқан жүргені анық көрінеді. Видеоның астына қалдырылған пікірлерден-ақ тұрғындардың ашуы мен жиіркенішін байқауға болады, деп жазады sadaq.kz.

Куәгерлердің айтуынша, мұндай жағдайлар қоғамдық тамақтану орындарында жиілеп кеткен.

Пікір қалдырғандардың бірі: «Көшедегі самсалардың 80 пайызы гигиенаға сай емес. Тазалықтан гөрі ақша маңыздырақ», – деп жазды. Тағы бірі: «Осы жердің тұрақты клиенті сияқты жеп жатыр», – деп әжуалады.

Желі қолданушылары санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарын дереу шара қолдануға шақырып жатыр. Олар мұндай орындарда тексеріс күшейтіліп, халықтың денсаулығына қауіп төндіретін жағдайларға жол бермеуді талап етуде.

Бұл оқиға көшеде сатылатын тамақ өнімдеріне қатысты қоғамдағы сенімсіздікті күшейтті. Сарапшылар мұндай бейберекет жағдайлар жалғаса берсе, тамақтан улану мен түрлі індеттердің таралу қаупі артатынын ескертеді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow