Алматыда туристерді қар көшкіні басып қалды: бір адам көз жұмды
22 ақпанда Алматы тауларында қайғылы оқиға болды. Екі адамды қар көшкіні басып қалып, бір турист оқиға орнында қаза тапқан, деп хабарлайды ТЖМ.
Ведомствоның Telegram-дағы арнасында жарияланған мәліметке сүйенсек, жексенбі күні таңертең Титов асуында 3400 метр биіктікте топтағы төрт адамның екеуі (екі турист) қар астында қалып қойған. Олардың біреуі өздігінен шыққан.
Оқиға орнына дереу Алматы қалалық ТЖД-ның 23-әмбебап құтқару бөлімшесінің құтқарушылары, "Барыс" РММ қызметкерлері, кинологиялық жасақ пен еріктілер жіберілген. Іздестіру-құтқару операциясы барысында ұшқышсыз ұшу аппараты да қолданылған.
"Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде қардың астынан қаза тапқан адамның денесі шығарылды. Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен құтқару қызметінің психологтары жұмыс істеді", - делінген хабарламада.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0