Алматыда Владимир Жириновскийге ескерткіш қойылмайды

Наурыз 12, 2025 - 15:26
Алматыда Владимир Жириновскийге ескерткіш қойылмайды
ЖИ Grok/sadaq.kz

Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев Алматыда ресейлік саясаткер Владимир Жириновскийге ескерткіш орнату мүмкіндігі туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлады sadaq.kz ақпарат порталы.

«Әрине, болмайды»,  - деп қысқа қайырды ол.

Әлеуметтік желілерде ресейлік саясаткер Владимир Жириновскийдің 80 жылдығына орай Алматы қаласында ескерткіш ашу жоспарланып отырғаны жайлы ақпарат тараған еді. Ресейлік ТАСС агенттігінің мәліметінше, Владимир Жириновскийдің 80 жылдығына орай бірқатар іс-шара өткізу жоспарланған.

Сондай-ақ, бірнеше қалада ескерткіш орнату мәселесі көтеріліп отырғаны, оның ішінде Алматы қаласы да аталған.

Алайда, кейінірек Алматы әкімдігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

«Алматы қаласының мәдениет басқармасына В. Жириновскийге ескерткіш орнату туралы өтініш түскен жоқ. Алматы қаласының тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссия тиісті ұсынысты қарастырған жоқ», - деді Алматы қаласының әкімдігі.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow