Алматыда жас жігітті 12 жерінен пышақтап өлтірген
4 шілдеде әлеуметтік желілерде Есіктегі жанар-жағармай құю бекетінің аумағында Toyota RAV4 көлігін мінген ер адам ауызша жанжал кезінде екіншісіне 12 рет пышақ сұққан.
Алматы облысының Есік қаласында айуандықпен кісі өлтіру оқиғасы тіркелді, - деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
4 шілдеде әлеуметтік желілерде Есіктегі жанар-жағармай құю бекетінің аумағында Toyota RAV4 көлігін мінген ер адам ауызша жанжал кезінде екіншісіне 12 рет пышақ сұққан. Салдарынан 1995 жылы туған жәбірленуші оқиға орнында көз жұмды.
Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
"Полиция кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында жедел-іздестіру шаралары кешені жүргізілуде. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады ведомстводан.
Сіздің реакцияңыз қандай?