Алматыда жеңіл көліктің үстіне ағаш құлады
Алматының Түрксіб ауданында тұраққа қойылған көліктің үстіне ағаш құлады. Қалалық әкімдік оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Оқиға кеше, 5 қазанда болғаны хабарланды. Бұл туралы ақпарат Instagram-дағы kris_p_almata парақшасында жарияланды.
"Ағаштың құлауы салдарынан көліктің шанағы мен төбесі зақымданды. Кадрлардан ағаштың бұтақтары мен діңі көліктің жоғарғы бөлігін бүлдіргенін көруге болады", - делінген жарияланымда.
Сонымен қатар видеодағы ер адам "тал құлап, екі көлікті басып қалғанын" айтады. Алматы қаласының Экология және қоршаған орта басқармасы Ақан Сері көшесі, 20 мекенжайында ағаштың құлағанын растады.
Басқарманың мәліметінше, тексеру барысында ағаш құлағанға дейін сырттай ешқандай зақымы болмағаны анықталды.
"Дегенмен оның орнықтылығына тамыр жүйесінің жағдайы, топырақ ерекшеліктері және ауа райы, соның ішінде жауын-шашын мен топырақтың ылғалдануы әсер етуі мүмкін.
Ағаштың неден құлағанын қазіргі уақытта нақты айту мүмкін емес. Құлаған ағашты мердігер ұйым кесіп, аумақтан шығарды", - деп мәлімдеді басқармадан.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0