Ангела Меркель Еуропаның жойылу қаупі туралы ескертті

Мамыр 23, 2025 - 09:53
Ангела Меркель Еуропаның жойылу қаупі туралы ескертті
фото: reuters

Еуропалық Одақ көші-қон саясатына қатысты дұрыс қадамдар жасамаса, Еуропаның болашағы бұлыңғыр болуы мүмкін. Бұл туралы Германияның бұрынғы канцлері Ангела Меркель мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Біз Еуропаның жойылғанын көріп қалуымыз мүмкін, - деді Меркель ЕО-дағы кейбір елдердің шекаралық бақылауды күшейту туралы бастамаларына сын айтып.

Оның айтуынша, Германия мен Австрия, сондай-ақ Германия мен Польша арасындағы шекараларда заңсыз көші-қонды толықтай тоқтату мүмкін емес. Бұрынғы канцлер Еуроодақтың сыртқы шекараларын нығайтуға басымдық беру керек екенін атап өтті.

Себебі жекелеген мемлекеттердің біржақты шешімдері Шенген келісіміне және Еуропа кеңістігіндегі еркін қозғалысқа қауіп төндіреді. Меркель ЕО аясында көші-қонға қатысты бірыңғай және үйлестірілген саясат қажет екенін айтып, өзінің әрдайым еуропалық шешімдерді қолдайтынын жеткізді.

Бұған дейін Еуропалық комиссияның төрайымы Урсула фон дер Лейен көші-қон мәселелерін шешу үшін ЕО елдеріне қосымша 3 миллиард еуро бөлінетінін хабарлаған болатын. Сонымен қатар, Еурокомиссия биыл заңсыз көші-қонмен күресу жолдарын қатаңдатуды ұсынды.

Бұл бастама ЕО-дан тыс аумақтарда заңсыз иммигранттарды ұстау орталықтарын құруды да қарастырады, бұл қазіргі еуропалық ережелерге қайшы болғанымен, талқылауға ұсынылып отыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow