Әнші Рүстем Жүгінісов істі болды

Қыркүйек 29, 2025 - 14:42
Әнші Рүстем Жүгінісов істі болды
Фото: видеодан скрин

Әнші Рүстем Жүгінісовке әкімшілік құқықбұзушылық үшін 79 мың теңге айыппұл салынды. Бұл шешімді астанадағы әкімшілік құқықбұзушылықтар бойынша мамандандырылған ауданаралық сот шығарды. Сотта әншінің екі оқиғасы қаралды, деп хабарлайды sadaq.kz сайты Orda.kz-ке сілтеп.

Бірінші оқиға. 2023 жылдың 31 желтоқсанында Рүстем Жүгінісов өзінің TikTok-тегі Zhugunussov парақшасында: «жаңа жылды атап өту керек пе?» деген сұрақ қойды. Оның айтуынша, пайғамбарлар да, ата-бабаларымыз да бұл мерекені тойламаған.

Екінші оқиға. Ақтөбе мешітінде бір ер адамның жас қызға жыныстық емеурін көрсетуіне қатысты әншінің айтқан пікірі. Сол оқиғада қыз ер адамның бір реттік неке ұсынғанын айтқан еді. Рүстем Жүгінісов сол кезде қызды арандату жасаған деп айыптап, мешітке жалғыз бармауын, әкесімен немесе бауырымен бірге баруын ұсынды.

Сараптама көрсеткендей, бұл пікірлер қоғамда діни араздыққа алып келуі мүмкін.

Соңында әнші әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 78 640 теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow