App Store Telegram-ды өшірді: Павел Дуров пікір білдірді

Тамыз 5, 2026 - 11:06
chat_bubble  0 visibility  10
App Store Telegram-ды өшірді: Павел Дуров пікір білдірді
Фото: видеодан скрин

Компания мұны балаларды жыныстық қанауға қатысты материалдардың анықталуымен түсіндірді, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Telegram-ның негізін қалаушылардың бірі Павел Дуров мессенджердің өшірілуіне "бопсалаушылардың" әрекеті себеп болғанын мәлімдеді.

Apple өкілдерінің айтуынша, тыйым салынған материал таратқан пайдаланушы анықталғаннан кейін Telegram әкімшілігіне хабар беріліп, оның аккаунты дереу бұғатталған.

Өз кезегінде Павел Дуров құқық бұзушының жария чаттағы ескі хабарламаларды өңдеу әдісін пайдаланғанын түсіндірді. Оның айтуынша, мәтін жасанды интеллект көмегімен өзгертілген заңсыз контентке ауыстырылған. Мұндай материалдар чаттың қарапайым қатысушыларына көрінбегендіктен, олар әдеттегі шағым тетіктері арқылы хабарлай алмаған.

– Бопсалаушылар автоматтандырылған аккаунттар арқылы ашық топтарға заңсыз контент орналастырып, кейін бұл туралы Apple-ге тікелей хабарлайды. Осылайша олар ақша төлеуден бас тартқан қауымдастықтарды жаптыруға тырысады, – деді Дуров.

Оның сөзінше, Telegram-дағы ашық чаттар мен арналардағы заңсыз порнографиялық контент жүйелі мәселе емес. Дуров мессенджердегі модерацияның тиімді жұмыс істейтінін, ал қаскөйлердің ескі контент пен техникалық айла-тәсілдерді қолдануы соның дәлелі екенін атап өтті.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0