«Апта сайын бір хикая ойлап табады»: Журналист Айдос Игіліков бұрынғы әйелі Зарина Сапардың айтқандарына жауап берді

Маусым 20, 2025 - 11:36
Маусым 20, 2025 - 11:39
«Апта сайын бір хикая ойлап табады»: Журналист Айдос Игіліков бұрынғы әйелі Зарина Сапардың айтқандарына жауап берді

Танымал блогер Зарина Сапардың журналист Айдос Игіліков туралы айтқандарына экс-күйеуінің өзі жауап беріп, жоққа шығарды.

Democrat.kz мәлімдеуінше, блогер тұрмысқа шыққаннан кейін күйеуі ұрып, жүкті кезінде қорлық көрсеткенін айтқан еді. Алайда экс-жолдасы растаған жоқ.

“Отбасы болғасын кикілжің болатыны рас. Ауылда 3 күн, Алматыда бірге 2 апта тұрдық. Қазір отбасылы адаммын. Қос ұлым бар. 6 жылдан бері аптасы немесе айына бір хикаялар ойлап табады. Статистикасы түссе, мен жайлы ертегілер құрастырады. Қосановқа сенгендей, көпшілік сенеді. Менен басқа жұмысы жоқ. Негізі ол кісіге жақындарынан психологиялық қолдау қажет”, – деді журналист.

Тағы оқыңыз: «Аяғым ауыр кезде ішіме отырып алып, басымнан ұрды»: Танымал блогер экс-күйеуінің көрсеткен қорлығын айтты

Одан кейін блогер босаға аттағаннан кейін, енесінің пәктігін тексергенін де жайып салды.

“Мен ол үйге таза болып бардым. Сол кезде мені алып қашып кеткен соң оңтүстік жақтағы Степной деген ауылында таза екенімді көру үшін төсегімді тексерді. Бастапқыда намыстанып едім, енем келіп “жарайсың” дегенде абырой болып көрінді. Қазір ойласам біреудің төсегін тексеру – ақымақтық қой”, – деген еді блогер.

Желі жұлдызының бұрынғы жолдасы ата-анасын қаралаған экс-әйеліне жауап берді.

“Беті аулақ. Құдай сақтасын. Ата-анам өте момын адамдар”, – деді Айдос Игіліков.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow