Ақтауда тұрғындар субұрқаққа жуынып жатыр

Шілде 19, 2024 - 11:45
Шілде 19, 2024 - 11:47
Ақтауда тұрғындар субұрқаққа жуынып жатыр

Желіде субұрқаққа жуынып, қырынған адамның видеосы тарады. Оқырмандар қала тұрғынының бұл әрекетін айыптап жатыр, деп хабарлайды Sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Instagram-дағы парақшалардың біріне орта жастағы азаматтың ұстараны фонтан суына шайып, қырынған видеосы жарияланды. Желі қолданушыларының бір бөлігі «оның үйі жоқ шығар» десе, енді бірі «қоғамдық ортаға арналған суды арамдап жатыр» деп айыптаған.  

Видеоға «Мүмкін ол үйсіз шығар?», «Қоғамдық дәретханалар ақылы ма?», «Жеке гигиенаны сақтау керек, жарайсың», «Мемлекет атынан қырынып алды» т.б. пікірлер жазылған.

Бұған дейін БАҚ беттерінде Ақтау қаласында ауызсу тапшылығы туралы ақпарат тараған еді. Тіпті қала тұрғындары сумен қамту мәселесін тез арада шешуді талап етіп, ресми сайтта петиция да жариялаған болатын. 

Кейбір дереккөздерде видеоның Қызылорда қаласында түсірілгені жазылған. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow