«Әрі қарай емге қаржы жоқ». Жарты жыл комада жатқан сарбаз ауруханадан шығарылды

Ербаян Мұхтарға мүгедектік тағайындалмаған, себебі сот процесі аяқталған жоқ.

Тамыз 18, 2024 - 14:05
Тамыз 18, 2024 - 14:06
«Әрі қарай емге қаржы жоқ». Жарты жыл комада жатқан сарбаз ауруханадан шығарылды
Фото: stan.kz

Алты айдан астам уақыт комада жатқан ұлттық ұлан сарбазы ұлттық нейрохирургия орталығынан үйіне шығарылды, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөлімінің сарбазы Ербаян Мұхтар әлі қалпына келмесе де, ауруханадан шығарылған.

Дәрігерлер Ербаян Мұхтардың жағдайы мүшкіл екенін және кәсіби медицина қызметкерлерінің күтімін қажет ететінін айтады. Өйткені ол медициналық қызметкерлердің бақылауымен үнемі дәрі-дәрмек, антибиотиктер, дәрумендер алуы керек. 

Онымен қоса Ербаян Мұхтарға мүгедектік тағайындалмаған, себебі сот процесі аяқталған жоқ. Жақындары оның жағдайы қауырт екенін дәлелдей алмай отыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow