Арина Соболенко US Open турниріндегі әрекеті үшін жазалануы мүмкін

Қыркүйек 14, 2026 - 17:44
chat_bubble  0 visibility  6
Арина Соболенко US Open турниріндегі әрекеті үшін жазалануы мүмкін
Фото: @arynasabalenka

«US Open» турнирінде қазақстандық теннисші Елена Рыбакинадан жеңілгеннен кейін ашуға ерік берген Арина Соболенко АҚШ ашық чемпионатының ұйымдастырушыларынан ірі көлемде айыппұл арқалауы мүмкін, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Белоруссиялық спортшы финалдық ойыннан кейін корт басындағы орындықта отырып ракеткасын сындырып, артынша оны жақыннан түсіріп жатқан операторға дөрекілік көрсеткен.

Yahoo басылымының мәліметінше, «Үлкен шлем» турнирлерінің ережелері бойынша сынған ракета үшін ең жоғары айыппұл 50 мың долларды құрайды. Соболенко бұған дейін де осындай әрекеттерге бірнеше рет барғандықтан, бұл жолы ол ерекше үлкен мөлшерде жазаға тартылуы ықтимал. Ал әдепсіз сөздер үшін қарастырылған айыппұл көлемі 3 мыңнан 5 мың долларға дейін жетеді.

"Мен жай ғана бар агрессия мен ренішімді сыртқа шығарғым келді. «Үлкен шлем» финалында жеңіліп қалу және қатарынан үшінші рет жеңіске жетуге тырысқан кезде эмоцияны ұстап тұру өте қиын", – деді Арина Соболенко өз әрекетін түсіндіріп.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0