Арыста тағы да жарылыс болды
Түркістан облысының Арыс қаласында жарылыс болғаны туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарап жатыр, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, Арыстағы әскери бөлімнен қатты жарылыс даусы естілген. Сонымен қатар ол аумақта өрт болғанын көрсететін кадрлар жарияланды.
Оқиғаға қатысты Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі түсініктеме берді.
– 2026 жылғы 19 тамызда сағат 19:00 шамасында Арыс гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінің техникалық аумағында құрғақ шөп тұтанды. Өрт кезінде жоюға алдын ала дайындалған оқ-дәрі фрагментінің дүмпу дауысы естілген. Зардап шеккендер мен қираған нысандар жоқ. Жағдай бақылауда. Өрт толықтай өшірілді, оқиға орнында тиісті қызметтер жұмыс істеп жатыр, – делінген ресми хабарламада.
Ведомство азаматтарды әлеуметтік желілерде тараған расталмаған ақпаратқа сенбеуге және тек ресми дереккөздерге сүйенуге шақырды.
Бұған дейін Арыс қаласындағы оқ-дәрі қоймасының жарылысы Қазақстан тарихындағы ірі техногендік апаттардың біріне айналғаны туралы жазған едік.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0