Армениядағы митинг: наразылар премьер қызметіне архиепископ Галстанянды ұсынды

Оппозициялық қозғалыс өкілдері Никол Пашинянның отставкаға кетуін талап етіп, уақытша үкімет құруды ұсынған.

Мамыр 27, 2024 - 10:12
Мамыр 27, 2024 - 10:12
Армениядағы митинг: наразылар премьер қызметіне архиепископ Галстанянды ұсынды

Ереванда мыңдаған адам Әзербайжанмен шекараны делимитациялауға қарсылық білдіріп, премьер-министр Никол Пашинянның отставкаға кетуін талап етіп жатыр, деп хабарлады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Кезекті қарсылық акциясын Армениядағы "Отан үшін Тавуш" оппозициялық қозғалысы ұйымдастырған. Қарсылық шарасы барысында оппозициялық қозғалыс өкілдері Никол Пашинянның отставкаға кетуін талап етіп, уақытша үкімет құруды ұсынған. Уақыша үкіметтің тізгінін Армян апостол шіркеуінің архиепископы Баграт Галстанянға беруді талап етті.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, премьер-министрдің кандидатурасын парламенттік фракциялар ұсынады, содан кейін депутаттар оған дауыс береді. Ең көп дауыс жинаған үміткер жеңеді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow