«Артымыздан үргендер үре берсін»: Қазақстандағы концерттері жаппай тоқтатылған ресейлік әнші күтпеген мәлімдеме жасады

Қазан 31, 2025 - 16:33
Қазан 31, 2025 - 16:42
«Артымыздан үргендер үре берсін»: Қазақстандағы концерттері жаппай тоқтатылған ресейлік әнші күтпеген мәлімдеме жасады
Фото: ғаламтордан

Әнші Akmal' Қазақстандағы концерттердің тоқтатылуына байланысты шыққан даудан кейін пікір білдірді,  деп хабарлайды POLITICO.KZ 

Ресейлік музыкант Акмаль Ходжаниязов концертте сары-көк түсті сыйлық салынған пакетті қабылдаудан бас тартқаны үшін шыққан даудан кейін Ресейдің күшейіп келе жатқанын айтты.

«Жауынгерлерімізге Алла саулық берсін, бәріміздің жағдайымыз жақсы болсын. Менің пікірім осындай. Артымыздан үріп жүргендер үріп жүре берсін, біз одан тек қуаттанып күшейеміз», - деді әртіс. 

Әнші Қазақстанда Украина туының түстеріне ұқсас пакеттегі тыңдарманның сыйлығын алмағаннан кейін басы дауға қалды. Осы оқиғадан соң аншлагтарға қарамастан, оның туры тоқтатылды.  

Продюсер Анастасия Галкина РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында концерттердің тоқтатылуы су мен электр энергиясының жеткізілуіндегі ақауларға, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі мәселелеріне байланысты болғанын айтты.

Айта кетейік, елімізде Акмальдың концерттері Петропавлда болған оқиғадан кейін жаппай тоқтатыла бастады. Концерт кезінде бір жанкүйер әншіге сары-көк түсті қаптамаға салынған алкоголь бөтелкесін сыйға тартқан еді.

«Мына пакеттi өртеп жіберіңдерші, түсі ұнамай тұр»,— деп пікір білдірді әнші.

Бұл сөз көпшіліктің ашуына тиіп, қазақстандықтар өнер иесінің концерттерін өткізбеуді талап еткен болатын.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow