«Ашық айтуға қорқып отыр»: Журналист Атыраудағы жағдайға қатысты тың дерек жариялады
Танымал журналист Жанат Молдашева Атырау облысы Құлсары қаласындағы мектепте балта алып жүгірген оқушыға қатысты тың мәліметтермен бөлісті, деп хабарлайды sadaq.kz.
Журналистің айтуынша, оқиғаға байланысты ресми дереккөздердің өзі бір-біріне қайшы ақпарат беріп отыр.
«Құлсарыға арнайы барып, жағдайды өз көзіммен көріп, түрлі тараптармен сөйлестім. Білім басқармасы басшысы оқушы мектепішілік есепте жоқ десе, мектеп басшылығы оның есепте тұрғанын растады. Ал жоғалған балтаға қатысты да деректер әртүрлі: бірі “табылған жоқ” десе, полиция “айғақ ретінде алынған” дейді, прокуратура әлі нақтыламаған», — дейді журналист.
Қазір оқиғаны құзырлы органдар жан-жақты тексеріп жатыр, буллинг фактісі де әлі нақтыланбаған.
Сонымен қатар Жанат Молдашева істе көп шикілік барын, мұғалімдер мен ата-аналардың ашық айтуға қорқатынын жеткізді.
«Мұндай жағдайларды жылы жауып қоюға болмайды. Бірақ кез келген ақпаратты тексеріп, сыни көзқараспен қабылдауымыз керек», — дейді ол.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0