Әскерде жағы сынған сарбаздың жағдайы белгілі болды

Ақпан 17, 2026 - 22:38
 0  1
Әскерде жағы сынған сарбаздың жағдайы белгілі болды
фото: видеодан скриншот

Отардағы әскери бөлімде соққыға жығылып, ауыр жарақат алған жауынгер сауығып келеді. Бұл жөнінде Қорғаныс министрлігінің әскери-клиникалық госпиталі жақсүйек-бет хирургиясы бөлімшесінің басшысы Владислав Мусатов мәлімдеді.

«Науқас қазір оңалту кезеңінде. Дәрумендер қабылдап, физиологиялық емдеуден және емдік дене тәрбиесінен (ЛФК) өтіп жатыр. Бүгінгі медициналық тексеру барысында аузы 3 сантиметрге ашылатыны анықталды. Демек, жағдайы жақсарған. Алдағы уақытта гипербариялық оксигенация сеанстарын өткізу жоспарда бар. Одан әрі емдік дене тәрбиесі оңалтуын аяқтап, әскери-медициналық комиссия тағайындаймыз», — деді дәрігер. 

Сондай-ақ, Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі сарбаздың өзінен де сұхбат алып, видеосын бөліскен еді. Онда ол өзін жақсы сезінетінін айтады.

«Осында келген соң, аузымды қарап, тексерді. Жұмсақ резіңке салып берді. Екпе салып, көк тамырға инъекция жасап, толықтай жақсы қарап жатыр. Физиологиялық емдеуден өтіп жүрмін. Аузымды ашып сөйлей аламын, тамақ ішемін», — деді сарбаз.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0