Астана автопаркі екі аяғынан айырылған Алуаның отбасына өмір бойы өтемақы төлейтін болды

Астанадағы автобус апатынан зардап шеккен Алуаның отбасына №1 автопарк өмір бойы өтемақы төлейтін болды, деп хабарлады sadaq.kz ақпарат порталы.
Айтуларынша, Алуаның анасының бауыры автопарк басшылығымен кездескен. Кездесу барысында автопарк басшылығы Алуаның отбасын өмір бойы қамтамасыз етуге уәде берген.
«Бүгін №1 автопарктің басқарма төрағасы Мадияр Тұқпатовпен эмоционалды әрі күрделі әңгімелесу өтті. Біздің отбасылық қайғымызға, Алуаға адамшылықпен қарағандарын көрдік. Автопарк басшылығы жол-көлік апатына жауапкершілік алып, Алуаның да, Махаббаттың басқа төрт баласының да лайықты өмір сүруін автопарк ӨМІР БОЙЫ қамтамасыз ететін болды. Шығындарды төлеуге кепілдік берді. Қазір біз Алуа мен Махаббаттың отбасының өмір бойғы шығындарын инфляцияны ескере отырып есептеу үшін заңгерлер мен экономистерге жүгіндік. Біздің келісім заң тұрғысынан қалай бекітілетінін, Әкімдік оны қалай орындайтынын хабарлап отыратын боламыз», - деп жазды help.aluabeken парақшасындағы жазба авторы.
Жалғыз өзі бес бала тәрбиелеп отырған Махаббатқа жан-жақты материалдық қолдау көрсетіледі және барлық қажетті шығындары өтелмек. Бұл уәде заң жүзінде рәсімделеді.
Бұған дейін: Сақтандыру компаниясы — 19,6 млн теңге өтемақы;
Автопарк басшылығы — 10 млн теңге көмек;
Қала әкімдігінен — 4-бөлмелі пәтердің кілті тапсырылған болатын.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сіздің реакцияңыз қандай?






