Астана тұрғыны кредитке көлік алдыртып, адамдарды 270 млн теңгеге алдап кетті

Елорда тұрғыны өзін ауқатты кәсіпкер ретінде таныстырып, алаяқтық әрекет жасаған, деп хабарлады бас прокуратура.
Ол 4 жәбірленушіні іскерлік серіктестікке сендіріп, оларды автонесие алуға көндірген. Ер адам несиені өзі төлеп, көліктерді бизнесте пайдалануға уәде берген.
Бірақ көп ұзамай көліктерді Ресей Федерациясына жеткізіп, сатып, түскен ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсап жіберген.
"Жәбірленушілер миллиондаған доллар қарыз арқалап қалған. Келтірілген шығын көлемі 270 млн теңгеден асты", - деп жазылған хабарламада.
Сот ер адамды кінәлі деп тауып, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Сіздің реакцияңыз қандай?






