Астанада бағдаршамдардың жұмыс режимі өзгертіледі

Қараша 25, 2025 - 10:46
 0  13
Астанада бағдаршамдардың жұмыс режимі өзгертіледі

Полиция департаменті Астанада жеті көше қиылысында бағдаршамдардың жұмыс режимі өзгертілгенін хабарлады. 

Полиция мәліметінше, жөзгеріске сәйкес енді барлық бағыт үшін бағдаршамның қызыл түсі 4 секундқа бір мезетте жанады. Бұл маневрді қауіпсіз аяқтап, қиылыстан толық шығуға мүмкіндік береді.

Жүргізілген талдауға сәйкес, бағдаршамдарың жұмыс режимін түзеткеннен кейін жол-көлік оқиғалары азайған.

Өзгеріс енгізілген светофорлар тізімі:

  • Керей, Жәнібек хандар – Әл-Фараби;
  • Рысқұлов – Мәңгілік ел;
  • Сұлтан Бейбарыс (№106 мектеп маңы);
  • Құсмұрын – Қайнар (№68 мектеп маңы);
  • Қараменде би Шақаұлы – Земляничная;
  • Тәуелсіздік – Қошқарбаев;
  • Тәуелсіздік – Байтұрсынов.
Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0