Астанада екі жасар бала бесінші қабаттан құлап кетті

Тамыз 12, 2026 - 12:31
chat_bubble  0 visibility  2
Астанада екі жасар бала бесінші қабаттан құлап кетті
Фото: pixabay

Астанада екі жасар бала бесінші қабаттың терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Полицияның мәліметінше, оқиға өткен демалыс күндері болған – екі жасар бала бесінші қабатта орналасқан пәтердің жатын бөлмесіндегі терезеден құлап кеткен.

"Алдын ала мәлімет бойынша, бала терезе алдына шығып, москит торына сүйенген кезде құлап кеткен. Сол сәтте анасы басқа бөлмеде үй жинап жүрген. Осылайша, кішкентай бала біраз уақыт ересектердің қарауынсыз қалып, ашық тұрған терезеге жақындаған", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, тексеру жүргізілуде, балаға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

"Бұл жағдай кішкентай балаларды терезесі ашық бөлмелерде қараусыз қалдырмаудың маңыздылығын тағы бір мәрте еске салады. Москит торы қорғаныс құралы болып саналмайды және баланың салмағын көтере алмайды.

Кішкентай балалар биіктіктің қаншалықты қауіпті екенін толық түсіне бермейді. Олар кереует, диван, орындық немесе басқа да жиһаздардың көмегімен терезе алдына оңай шығып кетуі мүмкін.

Пәтерде ересектердің болуы балалардың қауіпсіздігіне толық кепілдік бермейді", - делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0