Астанада есінен танған әйел көшеде қайтыс болды
Ждел жәрдем қызметі шамамен 18 минуттан кейін жеткен. Медицина қызметкерлері келген соң әйелді реанимациялауға әрекет жасағанымен, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған.
Астанада көшеде әйел адамның денсаулығы кенеттен күрт нашарлап, жедел жәрдем келгенше қайтыс болды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Оқиғаны көрген тұрғындар әйелге бірден көмек көрсетуге тырысқан. Олар жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін жүрекке жанама массаж жасап, жасанды тыныс алдыру арқылы алғашқы көмек көрсеткен.
Алайда жедел жәрдем шамамен 18 минуттан кейін жеткен. Медицина қызметкерлері келген соң әйелді реанимациялауға әрекет жасағанымен, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған.
Қазіргі уақытта марқұмның денесі полиция қызметкерлеріне тапсырылды. Оқиғаның мән-жайы мен әйелдің өлімінің нақты себебі анықталып жатыр