Астанада көпқабатты үйлердің біріндегі дүкеннен өрт шықты

Сәуір 7, 2026 - 16:04
chat_bubble  0 visibility  3
Астанада көпқабатты үйлердің біріндегі дүкеннен өрт шықты
Фото: Видеодан скрин

Астанадағы көпқабатты үйлердің бірінің астындағы дүкен өртеніп кетті, деп хабарлайды  Sadaq.kz.

ТЖМ мәліметінше, өрт сөндірушілер Байқоңыр ауданындағы А.Янушкевич көшесінде орналасқан 9 қабатты тұрғын үйде шыққан өртті сөндіруде. 

Алғашқы бөлімшелер келген кезде бірінші қабаттағы дүкенде тоңазытқыш жабдықтарының жанып жатқаны байқалды. Тұрғындарды эвакуациялау жүргізілуде.

Өрт сөндіру қондырғылары дереу іске қосылды, өртті толық сөндіру үшін барлық шаралар қабылдануда. Су үздіксіз жеткізілуде.

«Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Зардап шеккендер туралы ақпарат 112-ге түскен жоқ», – делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0