Астанада құрылыс алаңын қоршаған қаңылтыр баланың үстіне құлап кетті
Астананың Нұра ауданында құрылыс алаңы маңынан пішінді қаңылтыр құлап, кәмелетке толмаған қыз жарақат алды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Оқиға туралы жергілікті тұрғын Threads желісінде жазған. Оның айтуынша, тұрғындар құрылыс аумағының қауіпсіздігіне қатысты бұған дейін де бірнеше рет шағымданған. Жолдың лай әрі кей жерлері қазылғандықтан, тұрғындар аялдамаға қоршау бойымен, көлік жүретін жолдың жиегімен жетуге мәжбүр болған.
Жарақат алған бала №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлер тексеріп, қажетті көмек көрсеткен. Ауруханаға жатқызу қажет болмай, бала амбулаториялық ем қабылдау үшін үйіне жіберілген. Оның өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ.
Полиция құрылыс нысанын талапқа сай ұстамағаны үшін құрылыс компаниясының учаске басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын хабарлады. Бұл құқық бұзушылық үшін 30-дан 100 АЕК-ке дейін айыппұл қарастырылған.
Құқық қорғау органдары құрылыс компанияларын қауіпсіздік талаптарын сақтап, нысандар маңындағы аумақты тиісті деңгейде ұстауға шақырды.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0