Астанада өлген малдың етін сатып келген саудагер ұсталды

Наурыз 14, 2025 - 12:27
Астанада өлген малдың етін сатып келген саудагер ұсталды
Фото: видеодан скрин

Астанада кәсіпкер тұрғындарға өлген малдың етін сатып келген. 34 жастағы жігіт өлекселерді сатып келсе де, ешқандай қылмыстық жауапкершілікке тартылмады, деп хабарлайды sadaq.kz.

Tлордалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір рейд жүргізіліп жатыр.

Қазіргі уақытта «Мал ұрлығы»» іс-шарасы кезінде полиция қызметкерлері рейдтер жүргізіп, көліктер мен базарларды тексеріп, елорданың шет аймақтарында үй-үйді аралау, ішкі сауда нысандарын, мал мен ет өнімдерін тасымалдайтын көліктерді тексеруде.

«Іс-шара барысында жедел уәкілдер тұтынуға жарамсыз ет өнімдерін сатуды ұйымдастырған 34 жастағы азаматты ұстады.

Алдын ала бұл жер асты өндірісі өлген жануарлардың өлекселерін (қошқарлардың өлекселерін) өңдеу және сатумен айналысқан. Қазір сараптама жүргізілуде. Құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – деп жазылған хабарламада.

Рейд кезінде «Еуразия-1» сауда үйінде және «Күйгенжар» бақылау-өткізу бекетінде полиция қызметкерлері тиісті құжатсыз ет өнімдерін заңсыз тасымалдаудың 3 фактісін анықтады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow