Астанада тергеуші 9-қабаттан секіріп кетті

Әйел Алматы аудандық полиция басқармасында тергеуші болып жұмыс істеген.

Желтоқсан 24, 2024 - 21:18
 0  96
Астанада тергеуші 9-қабаттан секіріп кетті

Астанада 26 жастағы әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды.

Kozachkov offside телеграм арнасында жарияланған ақпаратта әйелдің өзіне қол жұмсағаны, сондай-ақ марқұмның Алматы аудандық полиция басқармасында тергеуші болып жұмыс істегені айтылған. 

“26 жастағы әйел өзі бөлме жалдап тұрған пәтердің терезесінен секіріп кеткен. Қайғылы оқиғаның алдын ала себебі - жігітімен айырылысуы”, – делінген ақпаратта. 

Оқиғаға қатысты Астана қалалық полиция департаменті түсініктеме берді

"Мәйіттің табылуы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәлімет бойынша, марқұм 9-қабаттан құлаған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", – делінген полиция хабарламасында.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 2
Жарайсың Жарайсың 0