Астанада үстел теннисінен халықаралық Президент кубогы өтеді

Қыркүйек 14, 2026 - 17:11
app_badging Қыркүйек 14, 2026 - 17:13
chat_bubble  0 visibility  4
Астанада үстел теннисінен халықаралық Президент кубогы өтеді
Фото: Sadaq.kz

Астанада үстел теннисінен WTT Star Contender Astana 2026 President’s Cup халықаралық турниріне арналған баспасөз мәслихаты өтті, деп хабарлайды Sadaq.kz

Жиында Қазақстан Республикасы Президентінің үстел теннисінен ашық кубогына дайындық барысы, жарысқа қатысатын спортшылар құрамы және турнирдің маңызы талқыланды.

Президент кубогы биыл 15-20 қыркүйек аралығында елордада екінші рет ұйымдастырылып отыр. Халықаралық додаға әлемнің 29 елінен 160-қа жуық спортшы қатысады. Турнирдің басты жүлде қоры – 300 мың АҚШ доллары.

Баспасөз мәслихатында Қазақстанның атынан жарысқа қатысатын спортшыларға да ерекше назар аударылды. Соның ішінде Nomad Table Tennis Academy құрамында өнер көрсететін қытайлық спортшы Фанг Бо турнирге қатысуы туралы пікір білдірді.

Фанг Бо – 2015 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Ол Қазақстан атынан Президент кубогында бақ сынайды.

Жиынға сондай-ақ Халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы, Мысыр спортшысы Омар Мұхаммади Ассар, ҚР Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев, Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерік Мейірхан және Nomad Table Tennis Academy директоры Руслан Жетубаев қатысты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, турнирдің өткізілуі Қазақстанда үстел теннисін дамытуға, отандық спортшылардың шеберлігін арттыруға және жастар арасында осы спорт түрін кеңінен насихаттауға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, WTT Star Contender Astana 2026 President’s Cup аясында әлемнің мықты үстел теннисі шеберлері Астанада бас қосады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0