Астанада жолаушылар автобусы түгі қалмай өртеніп кетті (ВИДЕО)

Қараша 21, 2024 - 16:41
 0  68
Астанада жолаушылар автобусы түгі қалмай өртеніп кетті (ВИДЕО)

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын оқшаулап, сағат 14:58–де толығымен сөндірген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі мәлім еткендей, өрт кезінде автобуста жолаушылар болмаған.

— Өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Нақтыланған мәліметтер бойынша автобуста жолаушылар болмады. Өрттің себебі анықталуда. Оқиға орнында 2 техника, 10 адам жұмылдырылды, — деді Астана қаласы ТЖД Асқар Забикулин атындағы 6-МӨСБ бастығы Нұрсултан Ошақбаев.

ТЖМ азаматтарды сақ болуға шақырады.

— Жолда көлігіңіз өртеніп бастаса, көлікті дереу тоқтатып, көліктен шығып кетуіңізді сұраймыз! , — деп ескертті ведомство.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0